Өзбекстандағы зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау акциясы басталды
Аталған ұйымның басшысы Мутабар Таджибаева айлық акция демократия үшін, адам құқықтары үшін күресіп, өздері зорлық-зомбылыққа тап болған Өзбекстан қоғамының белсенділеріне арналады дейді.
Оның сөзінше, бір айлық акция барысында өзі басқаратын құқық қорғау ұйымы өзбек арнайы қызметтерінің жәбірлеуінен қайтыс болған азаматтардың тағдыры жөнінде қоғам назарына құжаттар, фото, аудио және бейнематериалдар ұсынады.
Құқық қорғаушы Өзбекстан билігі ерте ме, кеш пе, істеген әрекеттері үшін жауап берулері керек деп есептейді.
«Кім кінәлі?! Келесі кім?!» кампаниясын «Зорлық-зомбылықсыз өмір» комитеті, мигранттар құқығын қорғау ұйымы және «Баламалы Өзбекстан» азаматтық қоғамының үйлестіру кеңесінің құрамына кіретін өзге де қоғамдық ұйымдар қолдау білдіріп отыр.
Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.
Добавить комментарий